Orca модификаторы

Orca-да Shift, Ctrl және Alt сияқты жұмыс істейтін арнайы модификатор пернесі бар. Ол арнайы Orca командаларын орындауға және оны сіз қол жеткізетін қолданбалардың командаларымен қайшылықтар тудырмай жасауға арналған.

"Orca модификаторы" қай пернеге тағайындалатыны әдепкі бойынша Orca-ның Ноутбук пернетақта жаймасын немесе оның Жұмыс үстелі пернетақта жаймасын пайдалануыңызға байланысты болады:

  • Егер сіз Ноутбук жаймасын пайдалансаңыз, әдепкі Orca модификаторы CapsLock болады

  • Егер сіз Жұмыс үстелі жаймасын пайдалансаңыз, Orca модификаторы Insert және KP_Insert пернелері болады, соңғысы KP_0 пернесімен бірдей.

Егер сіз ағымдағы пернетақта жаймасын сақтап, бірақ басқа модификатор пернесін таңдағыңыз келсе, оны келесі қадамдарды орындау арқылы жасай аласыз:

Orca модификаторын өзгерту

  1. Orca модификаторы+Бос орын пернелерін басу арқылы Orca баптаулары сұхбат терезесіне өтіңіз. Сонымен қатар, сіз Orca-ны терминалдан ашық баптаулар сұхбат терезесімен бастай аласыз: orca -s теріп, Return пернесін басыңыз.

  2. Пернелер тіркесімдері бетіне өтіңіз.

  3. Экрандық диктордың модификатор пернелері құрама тізіміне өтіңіз.

  4. Бағдаршамен қажетті модификаторға өтіңіз. Қолжетімді опциялар:

    • Insert, KP_Insert

    • KP_Insert

    • Insert

    • Caps_Lock

  5. Іске асыру батырмасын басыңыз.