Мәтін атрибуттары
"Мәтін атрибуттары" термині берілген таңбамен немесе таңбалар сериясымен байланысты барлық қаріпке, стильге, туралауға және басқа пішімдеуге қатысты.
Пішімдеу ақпаратын алу
Orca модификаторы+F пернелерін басқанда, Orca объект туралы белгілі мәтін атрибуттары туралы ақпаратты дыбыстайды. Сонымен қатар, Orca құжатты навигация жасаған кезде мәтін атрибуттарын Брайль дисплейінде "астын сызу" арқылы қосымша көрсетеді.
Мәтін атрибуттарының саны көп болғандықтан және әркімге әрбір атрибут маңызды емес болғандықтан, баптаулар сұхбат терезесінің Мәтін атрибуттары беті Orca-ның сөйлеуде қай мәтін атрибуттарын көрсететінін, олардың көрсетілу ретін және Orca-ның Брайль дисплейінде қайсысын көрсететінін теңшеуге мүмкіндік береді.
Мәтін атрибуттары беті сондай-ақ қолданбаға тән баптаулардың бөлігі болғандықтан, сіз пайдаланатын әрбір қолданба үшін мәтін атрибуттарының көрсетілуін қажетінше теңшей аласыз.
Қате жазылған сөздерді анықтау
Көптеген қолданбалар мен құралдар жиынтығы сөздің қате жазылғанын сол сөздің астын қызыл иректеле сызылған сызықпен сызу арқылы көрсетеді. Бұл сызықтың болуы әдетте көмекші технологияларға мәтін атрибуты ретінде көрсетіледі. Нәтижесінде сіз таңдауға болатын мәтін атрибуттарының ішінен емле қателерін таба аласыз. Әдепкі бойынша, емле қатесі атрибуты сөйлеу үшін де, Брайль үшін де іске қосылған және сондықтан көрсетілуін іске қосқан кез келген басқа атрибуттармен бірге ұсынылады.
Емле қателерінің бар-жоғын мәтін атрибуты ретінде білумен қатар, егер сізде пернелер жаңғырығы және/немесе сөздер жаңғырығы іске қосылған болса және қате жазылған сөзді терсеңіз, емле қатесінің көрсеткіші пайда болған кезде Orca бірден оралып, қатені түзетуіңіз үшін "қате жазылған" деп хабарлайды.
Соңында, сіз құжат ішінде навигация жасағанда және каретка қате жазылған сөзге ауысқанда, Orca емле қатесінің барын хабарлайды.