Чат командалары

Келесі командаларды Orca қолдайтын лезде хабар алмасу және интернет релелік чат клиенттеріндегі ақпаратқа қол жеткізу үшін пайдалануға болады. Бұл командалардың бірнешеуі "тағайындалмағанын" байқайсыз. Бұл командаларды пернелер тіркесімдеріне тағайындау туралы ақпаратты Пернелер тіркесімдерін өзгерту бөлімінен қараңыз.

  • Алдыңғы чат бөлмесінің хабарын көрсету: (Тағайындалмаған)

  • Келесі чат бөлмесінің хабарын көрсету: (Тағайындалмаған)

  • Хабарлармен бірге бөлме атының хабарлануын іске қосу/сөндіру: (Тағайындалмаған)

  • Чат бөлмесіне тән хабарлар тарихын ауыстыру: (тағайындалмаған)

  • Серіктестің мәтін теру күйі туралы хабарландыруды іске қосу/сөндіру: (Тағайындалмаған)

  • Бөлме атын көрсетуді ауыстыру: (Тағайындалмаған)