Бір қолданбалы режимді конфигурациялау

Бір қолданбалы режим — бұл Shell-ді интерактивті киоск ретінде конфигурациялайтын модификацияланған GNOME Shell. Әкімші стандартты жұмыс үстелін пайдаланушылар үшін көбірек шектеулі ету үшін кейбір әрекеттерді құлыптайды, бұл оларға таңдалған мүмкіндіктерге назар аударуға мүмкіндік береді.

Көптеген салалардағы (байланыстан бастап ойын-сауыққа немесе білім беруге дейін) кең ауқымды функциялар үшін бір қолданбалы режимді орнатыңыз және оны өзіне-өзі қызмет көрсету машинасы, оқиға менеджері, тіркеу нүктесі және т.б. ретінде пайдаланыңыз.

Дистрибутивіңіз әдетте gnome-kiosk дестесінде қолжетімді болатын GNOME Kiosk сессиясын ұсынуы мүмкін. Оны бір қолданбалы режимді оңайырақ конфигурациялау үшін пайдалануға болады. Әйтпесе, келесі процедураны пайдаланыңыз.

Бір қолданбалы режимді орнату

  1. Басып шығаруға, терминалға кіруге және т.б. жол бермеу үшін баптауларды құлыптаңыз.

  2. Пайдаланушы үшін /etc/gdm/custom.conf файлында автоматты түрде кіруді конфигурациялаңыз.

    Қосымша ақпаратты Автоматты түрде кіруді баптау бөлімінен қараңыз.

  3. Көрсетілген мазмұны бар келесі файлдарды жасаңыз:

    /usr/share/applications/org.gnome.Kiosk.Script.desktop
    [Desktop Entry]
    Name=Kiosk
    Type=Application
    Exec=gnome-kiosk
    /usr/share/applications/org.gnome.Kiosk.WindowManager.desktop
    [Desktop Entry]
    Type=Application
    Name=Mutter
    Comment=Window manager
    Exec=/usr/bin/mutter
    Categories=GNOME;GTK;Core;
    OnlyShowIn=GNOME;
    NoDisplay=true
    X-GNOME-Autostart-Phase=DisplayServer
    X-GNOME-Provides=windowmanager;
    X-GNOME-Autostart-Notify=true
    X-GNOME-AutoRestart=false
    X-GNOME-HiddenUnderSystemd=true
    /usr/share/gnome-session/sessions/gnome-kiosk.session
    [GNOME Session]
    Name=Kiosk
    RequiredComponents=org.gnome.Kiosk.WindowManager;org.gnome.Kiosk.Script;
    /usr/share/X11/xorg.conf.d/20-gnome-kiosk.conf
    Section "ServerFlags"
        Option "DontVTSwitch" "on"
    EndSection
    /usr/share/xsessions/org.gnome.Kiosk.desktop
    [Desktop Entry]
    Name=Kiosk
    Comment=Kiosk mode
    Exec=/usr/bin/gnome-session --session=gnome-kiosk
    DesktopNames=GNOME-Kiosk;GNOME;
  4. Бір қолданбалы сессияны ашатын пайдаланушы ретінде /home/пайдаланушы/.local/bin/gnome-kiosk файлын жасаңыз:

    [пайдаланушы]$ mkdir -p ~/.local/bin
    
    [пайдаланушы]$ touch ~/.local/bin/gnome-kiosk
  5. /home/пайдаланушы/.local/bin/gnome-kiosk файлын түзетіңіз және бір қолданбалы режимде іске қосқыңыз келетін қолданбаның орындалатын файлының атын енгізіңіз.

    Мысалы, Firefox браузерін бір қолданбалы режимде іске қосу үшін келесі мазмұнды енгізіңіз:

    #!/bin/sh
    
    while true; do
        firefox --kiosk https://example.org
    done

    while true циклі қолданба қандай да бір себеппен тоқтатылған жағдайда оның қайта іске қосылуын қамтамасыз етеді.

  6. Файлды орындалатын етіп жасаңыз:

    [пайдаланушы]$ chmod +x ~/.local/bin/gnome-kiosk
  7. Егер сіз файлды немесе оның бумаларын бір қолданбалы пайдаланушыдан басқа пайдаланушы (мысалы, root) ретінде жасасаңыз, файлдың дұрыс рұқсаттары бар екеніне көз жеткізіңіз:

    # chown -R пайдаланушы:топ ~пайдаланушы/.local
  8. GNOME-ға кіру экранында тісті дөңгелек батырмасының мәзірінен Kiosk сессиясын таңдап, бір қолданбалы пайдаланушы ретінде жүйеге кіріңіз.