Дауыс баптаулары
Дауыс түрінің баптаулары
Дауыс түрі
Бұл құрама тізім бас әріптерді және сілтеме мәтінді басқа мәтіннен, ал экрандағы мәтінді Orca қосқан мәтіннен жақсырақ ажырату үшін әртүрлі дауыстарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірнеше дауысты теңшеу
Теңшегіңіз келетін әрбір дауыс үшін алдымен Дауыс түрі құрама тізімінен дауысты таңдаңыз. Содан кейін сол дауыс үшін пайдаланылатын адамды, жылдамдықты, биіктікті және дыбыс деңгейін теңшеңіз.
Сөйлеу жүйесі
Бұл құрама тізім Speech Dispatcher сияқты орнатылған сөйлеу жүйелерінің ішінен қалаған сөйлеу жүйесін таңдауға мүмкіндік береді.
Сөйлеу синтезаторы
Бұл құрама тізім таңдалған сөйлеу жүйесімен бірге пайдаланылатын сөйлеу синтезаторын таңдауға мүмкіндік береді.
Адам
Бұл құрама тізім таңдалған дауыспен қай "адамды" немесе "дикторды" пайдалану керектігін таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, әдепкі бойынша Дәуіттің сөйлегенін, ал гиперсілтемелерді Әлияның дыбыстағанын қалауыңыз мүмкін. Адам құрама тізімінен не табатыныңыз қай сөйлеу синтезаторларын орнатқаныңызға байланысты болатынын ескеріңіз.
Бас әріп стилі
Бұл құрама тізім Orca-ның бас әріп дауысына қоса пайдаланғыңыз келетін Speech Dispatcher бас әріп индикация стильдерін таңдауға мүмкіндік береді. Speech Dispatcher терминологиясын қолданатын опциялар:
Таңбаша: Дыбыстық сигналды ойнатады
Әріптеп оқу: "бас әріп" сөзін айтады
Жоқ
Бұл баптауды жұмыс барысында ауыстыруға болады
Orca-да сондай-ақ қолжетімді бас әріп стильдері арасында ауысуға арналған команда бар. Қосымша ақпарат алу үшін Сөйлеу баптаулары командалары бөлімін қараңыз.
Әдепкі мәні: жоқ
Жылдамдық, биіктік және дыбыс деңгейі
Бұл үш солға-оңға сырғытпа жаңа ғана таңдаған адамыңыздың дауысын одан ары теңшеуге мүмкіндік береді.
Глобалды дауыс баптаулары
Сөйлеуді үзілістер арасындағы бөліктерге бөлу
Іске қосылған сөйлеу баптауларына байланысты Orca-ның белгілі бір объекті туралы, мысалы, оның аты, рөлі, күйі, мнемоникасы, үйрету хабары және т.б. туралы айтатын нәрсесі өте көп болуы мүмкін. Сөйлеуді үзілістер арасындағы бөліктерге бөлу жалаушасын белгілеу Orca-ның осы ақпарат бөліктерінің әрқайсысының арасына қысқа үзілістер қосуына әкеледі.
Әдепкі мәні: белгіленген
Сандарды цифрлар ретінде дыбыстау
Сандарды цифрлар ретінде дыбыстау жалаушасын белгілеу Orca-ның "123" сияқты санды сөйлеу синтезаторына жібермес бұрын оны бөлек цифрларға ("1," "2," және "3") бөлуіне әкеледі.
Әдепкі мәні: белгіленбеген