Сөйлеу және егжей-тегжейлілік баптаулары командалары

Келесі командаларды Orca-ның сөйлеу шығысын теңшеу үшін пайдалануға болады. Бұл командалардың бірнешеуі "тағайындалмағанын" байқайсыз. Бұл командаларды пернелер тіркесімдеріне тағайындау туралы ақпаратты Пернелер тіркесімдерін өзгерту бөлімінен қараңыз.

  • Сөйлеуді іске қосу/сөндіру: Orca модификаторы+S

  • Кестеде ұяшық және жол бойынша оқу арасында ауысу: Orca модификаторы+F11

  • Егжей-тегжейлі және қысқа егжей-тегжейлілік деңгейлері арасында ауысу: Orca модификаторы+V

  • Шегініс пен туралауды дыбыстауды іске қосу/сөндіру: (Тағайындалмаған)

  • Дыбысталатын сан стилін өзгерту: (Тағайындалмаған)

  • Келесі дыбысталатын тыныс белгілері деңгейіне ауысу: (Тағайындалмаған)

  • Келесі перне жаңғырығы деңгейіне ауысу: (Тағайындалмаған)

  • Келесі бас әріп стиліне ауысу: (Тағайындалмаған)

  • Жылдамдықты азайту: (Тағайындалмаған)

  • Жылдамдықты арттыру: (Тағайындалмаған)

  • Биіктікті азайту: (Тағайындалмаған)

  • Биіктікті арттыру: (Тағайындалмаған)

  • Дыбыс деңгейін азайту: (Тағайындалмаған)

  • Дыбыс деңгейін арттыру: (Тағайындалмаған)

  • Келесі сөйлеу синтезаторына ауысу: (Тағайындалмаған)