Терезелерді жылжыту және өлшемдерін өзгерту
Терезелерді сүйреу арқылы жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады. Сондай-ақ, жүйе терезелерді тиімді реттеуге көмектесетін келесі жарлықтар мен модификаторларды қамтамасыз етеді:
Терезені тақырып жолағынан сүйреп немесе Super пернесін басып тұрып, терезенің кез келген жерінен сүйреп жылжытыңыз. Жылжыту кезінде терезені экран жиектеріне және басқа терезелерге жабыстыру үшін Shift пернесін басып тұрыңыз.
Терезе өлшемін оның жиектерін немесе бұрыштарын сүйреу арқылы өзгертіңіз. Терезені экран жиектеріне немесе басқа терезелерге жабыстыру үшін өлшемін өзгерту кезінде Shift пернесін ұстап тұрыңыз.
Терезені экранның жоғарғы жағына сүйреу арқылы терезе өлшемін максималды етіңіз. Терезені экранның бір жағына жабыстыру үшін оны сол жаққа қарай сүйреңіз, бұл сізге терезелерді қатарластырып қоюға мүмкіндік береді.
Терезені тек пернетақта арқылы жылжыту немесе өлшемін өзгерту үшін жылжытуға арналған Alt+F7 немесе өлшемін өзгертуге арналған Alt+F8 пернелерін басыңыз. Терезені жылжыту немесе өлшемін өзгерту үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз, содан кейін растау үшін Enter немесе бастапқы орын мен өлшемге қайту үшін Esc пернесін басыңыз.
Қолданбалардың көбінде (атап айтқанда, GTK3 және GTK4), терезені қолданбаның тақырыптама панеліндегі кез келген жерді, соның ішінде батырмалар мен таңбашаларды басу және сүйреу арқылы жылжытуға болады.