Экран жиектерінде терезе өлшемін өзгертуді іске қосу немесе сөндіру

Терезенің өлшемін өзгерту үшін оны экран жиектеріне сүйреуге болады. Бұл параметр әдепкі бойынша іске қосылған.

Бұл параметрді іске қосу немесе сөндіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Әрекеттер көрінісін ашып, Көптапсырмалық деп теріңіз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Көптапсырмалық тармағын таңдаңыз.

  3. Жалпы бөлімінде Белсенді экран жиектері параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.