Терезелерді қатар орналастыру
Сіз терезені экранның тек сол немесе оң жағына жая аласыз, бұл екі терезені қатар орналастырып, олардың арасында жылдам ауысуға мүмкіндік береді.
Терезені экран жиегіне жаю үшін оның тақырып жолағынан ұстап, экранның жартысы ерекшеленгенше сол немесе оң жаққа сүйреңіз. Пернетақтаны пайдалану арқылы Super пернесін басып тұрып, Сол жақ немесе Оң жақ бағдарша пернесін басыңыз.
Терезені бастапқы өлшеміне қайтару үшін оны экран жиегінен алшаққа сүйреңіз немесе жаю үшін пайдаланылған пернелер тіркесімін қайтадан қолданыңыз.
Терезені жылжыту үшін Super пернесін басып тұрып, терезенің кез келген жерінен сүйреңіз.