Экран жарықтығын орнату

Жабдығыңызға байланысты қуатты үнемдеу немесе экранды жарық жерде оқуға ыңғайлы ету үшін экранның жарықтығын өзгертуге болады.

Экранның жарықтығын өзгерту үшін жоғарғы панельдің оң жағындағы жүйелік мәзірді шертіп, экран жарықтығының жүгірткісін пайдаланғыңыз келетін мәнге реттеңіз. Өзгеріс бірден күшіне енуі керек.

Көптеген ноутбук пернетақталарында жарықтықты реттейтін арнайы пернелер бар. Оларда жиі күнге ұқсайтын сурет болады. Бұл пернелерді пайдалану үшін Fn пернесін басып тұрыңыз.

Егер компьютеріңізде кірістірілген жарық сенсоры болса, экран жарықтығы сіз үшін автоматты түрде реттеледі. Қосымша ақпарат алу үшін Автоматты жарықтықты іске қосу бөлімін қараңыз.

Егер экранның жарықтығын орнату мүмкін болса, қуатты үнемдеу үшін экранды автоматты түрде күңгірттеуге де болады. Қосымша ақпарат алу үшін Неліктен менің экраным біраздан кейін күңгірттеніп кетеді? бөлімін қараңыз.