Пернелер тіркесімдері баптаулары

Orca модификатор пернелері

Экрандық диктордың модификатор пернелері құрама тізімі қай перне немесе пернелер Orca модификаторы ретінде қызмет ететінін таңдауға мүмкіндік береді. Қолжетімді опциялар:

  • KP_Insert (сандық пернетақтадағы 0 пернесімен бірдей)

  • Insert

  • Insert, KP_Insert

  • Caps_Lock

Пернелер тіркесімдері кестесі

Пернелер тіркесімдері кестесі Orca операцияларының және оларға тағайындалған пернелердің тізімін береді.

  • Команда бағанында орындалатын Orca командасының сипаттамасы бар.

  • Пернелер тіркесімі бағанында Orca командасына қазіргі уақытта тағайындалған пернетақта жарлығы бар. Return пернесін басып, жаңа тіркесімге арналған пернелерді басып, Return пернесін қайтадан басу арқылы бұл бағанның мәнін өзгертуге болады.

  • Өзгертілген бағаны не өзгертілгенінің индикаторы ретінде де, сол командамен байланысты әдепкі тіркесімдерді қалпына келтіру тәсілі ретінде де қызмет етеді.

Orca пернелер тіркесімдері тізімінің астында "тағайындалмаған" командалар тобын табасыз. Бұл біз кейбір пайдаланушылар үшін өте пайдалы болады деп санайтын, бірақ пайдаланушылардың көпшілігіне қажет емес командалар. Мұндай командалар үшін пернелер тіркесімін "жұмсамау" үшін біз оларды әдепкі бойынша тағайындалмаған күйде қалдырдық. Тізімнің соңында жаңартылатын Брайль дисплейімен пайдалануға арналған Брайль тіркесімдері орналасқан.