Orca баптауларына кіріспе
Orca баптаулары
Orca баптаулары Orca бағдарламасындағы барлық қолданбаларға қолданылатын функцияларды теңшеуге мүмкіндік береді. Orca баптауларының мысалы — жаңғырық, өйткені жаңғырық барлық қолданбаларға қолданылатын нәрсе.
Orca баптауларын әр қолданба үшін жеке теңшеуге болатынын ескеріңіз. Мысалы, әдепкі жаңғырықты сөздерге орнатып, Pidgin үшін жаңғырықты жоққа орнатуға болады. Осылайша, Orca Pidgin-де болмасаңыз, сіз терген әрбір сөзді әрқашан жаңғыртатын болады.
Баптаулар сұхбат терезелеріне кіруге арналған пернетақта жарлықтары
Orca модификаторы+Бос орын: Orca баптаулары
Ctrl+Orca модификаторы+Бос орын: ағымдағы қолданбаға арналған Orca баптаулары
Қолданбаға ғана тән баптаулар
Orca баптауларынан айырмашылығы, қолданбаға ғана тән баптаулар бар. Бұл баптаулар веб-беттер немесе чат қолданбалары сияқты белгілі бір орталарда ғана қолданылатын Orca функцияларын теңшеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл опцияларды тек қолданбаға тән баптаулар сұхбат терезелерінде және тек осы опциялар қолданылатын қолданбалар үшін таба аласыз.