Брайль баптаулары

Брайль қолдауын іске қосу

Бұл жалауша Orca-ның Брайль дисплейін пайдаланатынын немесе пайдаланбайтынын ауыстырады. Егер BrlTTY жұмыс істемей тұрса, Orca қалыпты түрде қалпына келеді және Брайль дисплейімен байланыспайды.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Егер сіз BrlTTY-ді кейінірек теңшесеңіз, Брайльді пайдалану үшін Orca-ны қайта іске қосуыңыз керек.

Сөздерді тасымалдауды іске қосу

Егер Сөздерді тасымалдауды іске қосу белгіленсе, Orca Брайль дисплейінде тек толық сөздер көрсетілуі үшін мәтінді реттейді. Егер ол белгіленбесе, Orca бірден көбірек мәтін көрсетілуі үшін дисплейдегі барлық ұяшықтарды пайдаланады.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Қысқартылған Брайльді іске қосу

Orca liblouis жобасы арқылы қысқартылған Брайльді қолдайды. Көптеген дистрибутивтер liblouis-ті қамтитындықтан, сіз Orca-да қысқартылған Брайль қолдауына автоматты түрде қол жеткізе аласыз.

liblouis орнатылған жүйеде қысқартылған Брайльді іске қосу үшін Қысқартылған Брайльді іске қосу жалаушасының белгіленгеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін Қысқарту кестесі құрама тізімінен қажетті аударма кестесін таңдаңыз.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Рөлдердің қысқартылған атаулары

Бұл жалауша рөл атауларының көрсетілу тәсілін анықтайды және Брайль дисплейінде орынды үнемдеуге көмектесу үшін пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, егер жылжытқыш фокуста болса, рөлдердің қысқартылған атаулары белгіленбеген болса, "жылжытқыш" сөзі көрсетіледі; егер ол белгіленген болса, оның орнына "жлж" көрсетіледі.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Жол соңы таңбасын сөндіру

Бұл жалаушаны белгілеу Orca-ға мәтін жолының соңында "$l" жолын көрсетпеуді айтады.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Егжей-тегжейлілігі

Бұл радио батырмалар тобы белгілі бір жағдайларда Брайльмен жазылатын ақпарат көлемін анықтайды. Мысалы, ол егжей-тегжейлі етіп орнатылса, пернетақта жарлығы және рөл атауы туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл ақпарат қысқа режимде көрсетілмейді.

Әдепкі мәні: Егжей-тегжейлі

Жылт етпе хабарлама баптаулары

Жылт етпе хабарламалар сипаты бойынша хабарландыруларға немесе хабарлауларға ұқсас: Олар жаңартылатын Брайль дисплейінде қысқа уақытқа көрсетіледі, содан кейін Брайль дисплейінің бастапқы мазмұны қалпына келтіріледі. Orca-да жылт етпе хабарламаларды көрсетуді басқару үшін пайдалануға болатын бірнеше баптаулар бар.

Жылт етпе хабарламаларды іске қосу

Егер Жылт етпе хабарламаларды іске қосу белгіленсе, Orca сізге хабарларды Брайль дисплейінде көрсетеді. Егер Orca хабарларының тек дыбысталуын қаласаңыз, бұл жалаушаны алып тастауыңыз керек.

Әдепкі мәні: белгіленген

Хабарлар егжей-тегжейлі

Егер Хабарлар егжей-тегжейлі белгіленсе, Orca сізге Брайль дисплейінде егжей-тегжейлі хабарларды көрсетеді. Мысалы, Orca-ның жаңғырықты өзгерту командасын пайдалансаңыз, Orca "Жаңғырық сөзге орнатылды" деп көрсетуі мүмкін. Егер сіз "сөз" сияқты қысқа хабарларды қаласаңыз, бұл жалаушаны алып тастауыңыз керек.

Әдепкі мәні: белгіленген

Хабарлар тұрақты

Жоғарыда айтылғандай, жылт етпе хабарламалар тек қысқа уақытқа көрсетіледі. Егер сіз хабарлардың дисплейді жаңартуға мәжбүр ететін әрекет жасағанша көрсетіліп тұрғанын қаласаңыз, Хабарлар тұрақты жалаушасын белгілеуіңіз керек.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Ұзақтығы (сек)

Orca-ның хабарды өшіріп, дисплейдің бастапқы мазмұнын қалпына келтіру үшін күтетін уақытын Ұзақтығы (сек) айналдыру батырмасында орнатуға болады. Тұрақты жылт етпе хабарламаларды іске қоссаңыз, бұл баптаудың мәні еленбейтінін ескеріңіз.

Әдепкі мәні: 5