Уақыт, күн және хабарландыру командалары
Келесі командаларды ағымдағы уақыт пен күнді алу және бұрын көрсетілген хабарландыру хабарларын қарап шығу үшін пайдалануға болады:
Уақыт пен күнді алу
Уақытты көрсету: Orca модификаторы+T
Күнді көрсету: Orca модификаторы+T (екі рет шертілген)
Хабарландыру хабарларын қарап шығу
Orca-да бұрын көрсетілген хабарландыру хабарларына қол жеткізуге арналған үш тағайындалмаған команда бар. Бұл командаларды пернелер тіркесімдеріне тағайындау туралы ақпаратты Пернелер тіркесімдерін өзгерту бөлімінен қараңыз.
Соңғы (ең жаңа) хабарландыру хабарын көрсету: (Тағайындалмаған)
Алдыңғы хабарландыру хабарын көрсету: (Тағайындалмаған)
Келесі хабарландыру хабарын көрсету: (Тағайындалмаған)
Барлық хабарландыру хабарларының тізімін көрсету: (Тағайындалмаған)