Orca-ны басқару және пайдалануды үйрену
Orca-ны басқару командалары
Келесі командаларды Orca баптаулар сұхбат терезесіне өту, Orca-ны қосу және сөндіру, сондай-ақ қол жеткізілетін қолданба ішіндегі жарлықтар қайшылығын болдырмау үшін Orca командаларын айналып өту үшін пайдалануға болады.
-
Қолдау көрсетілетін жұмыс үстелі орталарында Orca-ны қосу және сөндіру: Super+Alt+S.
Егер сіз Orca-ны қосу және сөндіру командасы жоқ басқа жұмыс үстелі ортасында пайдалансаңыз, Orca-дан шығу командасы пайдалы болуы мүмкін. Бұл команда әдепкі бойынша тағайындалмаған. Тағайындалмаған командаларды тағайындау туралы ақпаратты Пернелер тіркесімдерін өзгерту бөлімінен қараңыз.
Orca баптаулары сұхбат терезесі: Orca модификаторы+Бос орын.
Фокусталған қолданбаға арналған Orca баптаулары сұхбат терезесі: Ctrl+Orca модификаторы+Бос орын.
Барлық Orca командалық пернелерін ауыстыру: Alt>+BackSpace
Пернетақта жаймасын ауыстыру: (Тағайындалмаған)
Келесі перне жаңғырығы деңгейіне ауысу: (Тағайындалмаған)
Экрандық диктордан шығу: (Тағайындалмаған)
Брайль командалары
Келесі командаларды Orca-ның Брайль шығысын басқару және теңшеу үшін пайдалануға болады.
Брайль дисплейін солға жылжыту: (Тағайындалмаған)
Брайль дисплейін оңға жылжыту: (Тағайындалмаған)
Қысқартылған Брайльді қосу және сөндіру: (Тағайындалмаған)
Orca пайдалануды үйренуге арналған командалар
Үйрену режимінде Orca сіз басқан әрбір перне туралы және сол пернеге тағайындалған кез келген байланысты Orca командасы туралы хабарлайды. Бұл режимде сіз сондай-ақ пайдалануға болатын барлық Orca командалары бар жарлықтар тізімін ала аласыз.
Үйрену режиміне кіру: Orca модификаторы+H
Үйрену режимінен шығу: Esc