Бастапқы позицияны түрлендіру

Реверси ойынды реверси ойын тобының әдеттегі позициясынан басқаша бастапқы позициямен бастауға мүмкіндік береді.

Бастапқы позицияны түрлендіру

Бұл опцияны іске қосу немесе сөндіру үшін жаңа ойынды баптау кезінде Қиындық батырмасын басып, ашылған мәзірден Бастапқы позицияны түрлендіру тармағын таңдаңыз.

Егер сіз компьютерге қарсы ойнасаңыз, бұл опцияны іске қосу жаңа ойындарды алты мүмкін болатын бастапқы позициялардың кездейсоқ біреуімен бастайды.

Егер сіз басқа ойыншымен ойнасаңыз, бұл опцияны іске қосу жаңа ойындарды екі ойыншылы ойын прелюдиясымен бастайды.

Егер опция сөндірулі болса, жаңа ойындар үшін әрқашан реверси ойын тобының әдеттегі позициясы қолданылады. Оның сипаттамасын мүмкін болатын бастапқы позициялар тізімінен қараңыз.

Мүмкін болатын бастапқы позициялар

Реверси ойынында негізінен екі бастапқы позиция бар, ал олардың симметрияларын ескергенде алтыға дейін барады.

Екі негізгі позиция келесідей:

Әдеттегі бастапқы позиция: ақшыл-күңгірт, күңгірт-ақшыл
Баламалы позиция: күңгірт-ақшыл, күңгірт-ақшыл

Әдеттегі бастапқы позиция

Баламалы позиция

Олардың рұқсат етілген симметриялары келесідей:

Әдеттегі бастапқы позицияның жалғыз симметриясы: күңгірт-ақшыл, ақшыл-күңгірт
Баламалы позицияның бірінші симметриясы: күңгірт-күңгірт, ақшыл-ақшыл
Баламалы позицияның екінші симметриясы: ақшыл-күңгірт, ақшыл-күңгірт
Баламалы позицияның соңғы симметриясы: ақшыл-ақшыл, күңгірт-күңгірт

Екі ойыншылы ойын прелюдиясы

Басқа ойыншымен Бастапқы позицияны түрлендіру опциясы іске қосылған күйде ойнағанда, жаңа ойындар арнайы екі ойыншылы ойын прелюдиясымен басталады.

Тақта бос күйде басталады. Ойынды бастамас бұрын екі ойыншы төрт бастапқы фигураны қояды.

  1. Күңгірт бірінші бастап, тақтаның орталық төрт ұяшығының біріне бірінші фигураны қояды.

  2. Ақшыл күңгірт фигураның қасындағы қолжетімді екі орынның біріне бір фигура қояды.

  3. Содан кейін Күңгірт тақтаның қалған екі орталық ұяшығының біріне фигура қояды.

  4. Ақшыл қалған орынға екінші фигураны қою арқылы прелюдияны аяқтайды.

  5. Осыдан кейін ойын реверси ережелеріне сәйкес басталады.

Бұл прелюдия бірінші ойыншыға ойынның «айқас» позициясымен (әдеттегі бастапқы позиция немесе оның симметриясы) немесе «параллель» позициясымен (баламалы позиция немесе оның симметрияларының бірі) басталуын таңдауға мүмкіндік береді.