Жаңа ойынды баптау

Реверси ашылған кезде жаңа ойынды баптауға және оны бастауға мүмкіндік беретін экран көрсетіледі.

Бұл экранда Классикалық Реверси немесе Кері Реверси ойнауды таңдауға, компьютерге қарсы немесе басқа ойыншымен ойнайтыныңызды шешуге және бірінші жағдайда компьютер деңгейін өзгертуге болады.

Егер сіз қолданбаны бірінші рет ашып тұрсаңыз, Реверси бастапқыда компьютерге қарсы оңай деңгейдегі Классикалық Реверсиді ұсынады. Әйтпесе, ол сіздің алдыңғы баптауларыңызды есте сақтайды.

Ойынды осы жерден бастау үшін Ойынды бастау батырмасын басыңыз. Ойынды сондай-ақ Shift+Ctrl+N пернелер жарлығымен де бастауға болады.

Ойын басталған соң, сіз Жаңа ойын батырмасын басу немесе Ctrl+N пернелер жарлығын пайдалану арқылы әрқашан осы экранға қайта орала аласыз.