Классикалық Реверси немесе Кері Реверси
Реверси сізге бір ойынның екі нұсқасын ойнауға мүмкіндік береді: Классикалық Реверси және Кері Реверси.
Жаңа ойынды баптау кезінде Классикалық Реверси немесе Кері Реверси батырмаларын басу арқылы ойнағыңыз келетін ойынды таңдаңыз.
Аты айтып тұрғандай, Классикалық Реверси ойыны — бұл бүкіл әлемге танымал реверси ойыны.
Шын мәнінде, екі ойын да бірдей ережелерді қолданады; олардың арасында тек соңғы мақсат қана ерекшеленеді: Классикалық Реверсиде мақсат — қарсыластан көбірек фигурамен аяқтау; ал Кері Реверсиде — азырақ фигурамен аяқтау.
Мақсаттағы бұл айырмашылық Кері Реверсиді өте қызықты ойынға айналдырады, өйткені жеңіске жету үшін басқа стратегияны құру керек. Байқап көріңіз!
Егер сіз реверси ойынының басқа нұсқаларын байқап көргіңіз келсе, бастапқы позицияны түрлендіруді де таңдай аласыз.