Аударуға көмектесу

GNOME ойындарының пайдаланушы интерфейсі мен құжаттамасын бүкіл әлемдегі еріктілер қауымдастығы аударады. Қатысуыңызға болады.

Әлі де аударманы қажет ететін көптеген тілдер бар.

Аударуды бастау үшін сізге тіркелгі жасау және өз тіліңіз үшін аудару тобына қосылу қажет болады. Бұл сізге жаңа аудармаларды жүктеп салу мүмкіндігін береді.

GNOME аудармашыларымен IRC арқылы сөйлесе аласыз (#gnome-i18n арнасында). Арнадағы адамдар бүкіл әлемде орналасқан, сондықтан уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты бірден жауап ала алмауыңыз мүмкін.

Балама ретінде, Интернационализация тобымен GNOME Discourse арқылы байланысуға болады.