Кім бастайтынын кезектестіру
Егер сіз компьютерге қарсы қатарынан бірнеше ойын ойнап жатсаңыз, Реверси келесі ойынды кім бастайтынын (сіз бе әлде компьютер ме) автоматты түрде кезектестіруге мүмкіндік береді.
Жаңа ойынды баптау кезінде төмен қараған бағдаршасы бар бірінші батырмаға назар аударыңыз; ол Түсі: Күңгірт, Түсі: Ақшыл немесе Екі ойыншы деп белгіленуі тиіс. Соңғы жағдайда, Реверси екі ойыншылы ойынды бастауға бапталған; олай болса, алдымен компьютерге қарсы ойынды баптаңыз.
Батырманы таңдаңыз. Ашылған мәзірде Кім бастайтынын кезектестіру деген тармақ болады.
Егер Кім бастайтынын кезектестіру опциясы сөндірілген болса, әрбір жаңа ойынды сол бір ойыншы бастайды: егер батырма атауы Түсі: Күңгірт болса, сіз бірінші ойыншы боласыз, ал атауы Түсі: Ақшыл болса, компьютер бастайды; кім бастайтынын өзгерту үшін компьютерге қарсы ойынды қалай баптау керектігін қараңыз.
Егер Кім бастайтынын кезектестіру опциясы іске қосылған болса, онда әрбір жаңа ойында бірінші ойыншы автоматты түрде ауысып отырады. Сондықтан, егер сіз ойынды бастасаңыз, келесі жолы жаңа ойынды баптағанда батырмада Түсі: Ақшыл деп жазылып тұрады және келесі ойынды компьютер бастайды.
Бұл опцияны іске қосу немесе сөндіру үшін Кім бастайтынын кезектестіру тармағын таңдау жеткілікті.
Бұл опция бастапқыда таңдалған.