Басқа ойыншымен ойнау

Реверси компьютерге қарсы емес, басқа адамға қарсы ойнауға мүмкіндік береді.

Жаңа ойынды баптау кезінде төмен қараған бағдаршасы бар бірінші батырмаға назар аударыңыз; ол Түсі: Күңгірт, Түсі: Ақшыл немесе Екі ойыншы деп белгіленуі тиіс. Соңғы жағдайда, Реверси екі ойыншылы ойынды бастауға дайындалған, әйтпесе ол компьютерге қарсы ойынды бастайды.

Егер батырмада Екі ойыншы көрсетілмесе, оны таңдап, пайда болған мәзірден Екі ойыншы тармағын таңдаңыз. Батырманың атауы Екі ойыншы болып өзгереді. Содан кейін ойынды бастау үшін Ойынды бастау батырмасын басып, ойнауды бастауға болады.

Егер сіз ойынды бастапқы позицияны түрлендіруді және екі ойыншылы ойынды бастауды сұрасаңыз, ойынды арнайы екі ойыншылы ойын прелюдиясымен бастайсыз.