Реверси ойынын жақсартуға көмектесіңіз
Қате туралы хабарлау немесе жақсартуды ұсыну
Реверси бағдарламасын еріктілер қауымдастығы қолдайды. Қатысуыңызға болады. Егер сіз мәселені байқасаңыз, қате туралы хабарлама жібере аласыз. Қате туралы хабарлау үшін https://gitlab.gnome.org/GNOME/iagno/issues/ сайтына өтіңіз.
Бұл — пайдаланушылар мен әзірлеушілер қателер, істен шығулар туралы мәліметтерді жібере алатын және жақсартуларды сұрай алатын қателерді трекер жүйесі.
Қатысу үшін сізге жүйеге қол жеткізуге, қателерді жіберуге және пікір қалдыруға мүмкіндік беретін тіркелгі қажет. Сондай-ақ, қатеңіздің күйі туралы электрондық пошта арқылы жаңартуларды алу үшін тіркелуіңіз керек. Егер сізде тіркелгі болмаса, оны жасау үшін Кіру / Тіркелу сілтемесін басыңыз.
Тіркелгіңіз болған соң, жүйеге кіріп, Жаңа мәселе батырмасын басыңыз. Қате туралы хабарламас бұрын, қате жазу нұсқаулықтарын оқып шығыңыз және қате бұрыннан бар-жоғын білу үшін оны шолып шығыңыз.
Егер сіз жаңа мүмкіндікті сұрап жатсаңыз, Белгілер мәзірінен 1. Feature таңдаңыз. Тақырыбы мен Сипаттамасы бөлімдерін толтырып, Мәселені жіберу батырмасын басыңыз.
Сіздің хабарламаңызға ID нөмірі беріледі және ол қаралған сайын оның күйі жаңартылып отырады. Реверси ойынын жақсартуға көмектескеніңіз үшін рақмет!