Тышқанмен немесе пернетақтамен ойнау
Реверси сізге тышқанмен немесе пернетақтамен оңай ойнауға мүмкіндік береді.
Тышқанмен қалай ойнау керек
Жүріс жасау үшін:
Курсорды фигураңызды қойғыңыз келетін ұяшыққа апарыңыз. Егер ол жүруге жарамды болса, ұяшық ерекшеленеді.
-
Фигураны қою үшін ұяшықты шертіңіз.
Егер сіз жүруге болмайтын ұяшықты таңдасаңыз, ойын сізге бұл жүрістің мүмкін еместігін хабарлайды.
Мүмкін болатын жүрістерді көру үшін түсіне қарамастан, фигурасы бар ұяшықты таңдаңыз. Балама ретінде, жүруге болатын ұяшықтарды ерекшелеуді қалауыңыз мүмкін.
Сіз әрқашан жасаған жүрісіңізді болдырмай аласыз. Ол үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы (немесе шағын терезелердегі төменгі панельдегі) бағдаршасы мен шеңбері бар батырманы басып, Соңғы жүрісті болдырмау тармағын таңдаңыз.
Сондай-ақ пернетақтаны пайдалануға болады.
Пернетақтамен қалай ойнау керек
Жүріс жасау үшін:
Жүріс жасағыңыз келетін ұяшыққа бару үшін Солға, Оңға, Жоғары және Төмен бағдаршаларын пайдаланыңыз. Қазіргі таңдалған ұяшық тақтада түспен ерекшеленеді.
-
Таңдалған ұяшыққа фигураны қою үшін Бос орын немесе Enter пернесін пайдаланыңыз.
Егер сіз жүруге болмайтын ұяшықты таңдасаңыз, ойын сізге бұл жүрістің мүмкін еместігін хабарлайды.
Мүмкін болатын жүрістерді көру үшін түсіне қарамастан, фигурасы бар ұяшықты таңдаңыз. Балама ретінде, жүруге болатын ұяшықтарды ерекшелеуді қалауыңыз мүмкін.
Сіз әрқашан жасаған жүрісіңізді болдырмай аласыз. Ол үшін Ctrl+Z пернелерін басыңыз.
Қосымша жарлықтарды Ctrl+F1 басу арқылы шығатын сұхбат терезесінен көруге болады.
Сондай-ақ тышқанды пайдалануға болады.