Компьютерге қарсы ойнау
Реверси сізге қиындықтың үш түрлі деңгейімен компьютерге қарсы ойнауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сіз бен компьютердің қайсысы бірінші бастайтынын шеше аласыз.
Жаңа ойынды баптау кезінде төмен қараған бағдаршасы бар бірінші батырмаға назар аударыңыз; ол Түсі: Күңгірт, Түсі: Ақшыл немесе Екі ойыншы деп белгіленуі тиіс. Алғашқы екі жағдайда, Реверси компьютерге қарсы ойынды бастауға дайындалған, әйтпесе ол екі ойыншылы ойынды бастайды.
Егер батырма Түсі: Күңгірт деп белгіленсе, бұл бірінші жүрісті сіз жасайтыныңызды білдіреді. Әрине, Түсі: Ақшыл болса, бірінші болып компьютер бастайды.
Егер батырмада Екі ойыншы көрсетілсе, оны таңдаңыз. Ойынды өзіңіз бастағыңыз келсе, ашылған мәзірден Бірінші ойнау (Күңгірт) тармағын, ал компьютер бастағанын қаласаңыз, Екінші ойнау (Ақшыл) тармағын таңдаңыз. Бірінші жағдайда батырма атауы Түсі: Күңгірт, ал екіншісінде Түсі: Ақшыл болып өзгереді.
Реверси бағдарламасын компьютерге қарсы ойнауға баптағаннан кейін, сіз компьютер деңгейін өзгерте аласыз.