Пайдалы ерекшелеулерді көрсету
Реверси ойын кезінде (мейлі ол Классикалық Реверси немесе Кері Реверси болсын) кейбір пайдалы ерекшелеулерді көрсете алады.
Жүруге болатын ұяшықтарды ерекшелеу
Реверси алдымен ағымдағы ойыншы жүре алатын ұяшықтарды түспен ерекшелей алады. Бұл ақпарат әсіресе жаңа бастаушылар үшін ойынды үйренуде өте пайдалы болуы мүмкін.
Бұны компьютерге қарсы ойында да, екі ойыншылы ойында да іске қосуға болады. Екі ойыншылы ойында бұл ерекшелеуді тек бір ойыншы үшін ғана іске қосу мүмкін емес.
Бұл ерекшелеуді іске қосу немесе сөндіру үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Сыртқы түрі тармағын таңдаңыз және Түспен ерекшелеу бөлімінде Жүруге болатын ұяшықтар тармағын таңдаңыз.
Алынатын ұяшықтарды ерекшелеу
Реверси сонымен қатар белгілі бір жүріс арқылы алынатын ұяшықтарды ерекшелей алады. Бұл тақтаның кейін қалай көрінетінін жақсырақ елестетуге көмектесуі мүмкін.
Бұны компьютерге қарсы ойында да, екі ойыншылы ойында да іске қосуға болады. Екі ойыншылы ойында бұл ерекшелеуді тек бір ойыншы үшін ғана іске қосу мүмкін емес.
Бұл ерекшелеуді іске қосу немесе сөндіру үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Сыртқы түрі тармағын таңдаңыз және Түспен ерекшелеу бөлімінде Алынатын ұяшықтар тармағын таңдаңыз.