Компьютер деңгейін өзгерту
Реверси компьютерге қарсы ойнағыңыз келсе, қиындықтың үш деңгейін ұсынады.
Бұл деңгейлер: Оңай, Орташа және Қиын деп аталады. Біріншісі жаңа бастаушыларға, екіншісі әуесқой ойыншыларға, ал соңғысы тұрақты ойыншыларға арналған.
Жаңа ойынды баптау кезінде төмен қараған бағдаршасы бар екінші батырмаға назар аударыңыз; ол Қиындығы: Оңай, Қиындығы: Орташа, Қиындығы: Қиын немесе Көбірек опциялар деп белгіленуі тиіс. Алғашқы үш нұсқа жаңа ойынды бастау кезінде үш деңгейдің қайсысы қолданылатынын көрсетеді. Соңғы жағдайда, Реверси қазіргі уақытта екі ойыншылы ойынға бапталған және сіз алдымен компьютерге қарсы ойнауды баптауыңыз керек.
Бұл орындалғаннан кейін, егер көрсетілген деңгей сіз қалаған деңгей болмаса, батырманы басып, ашылған мәзірден қалауыңызша Оңай, Орташа немесе Қиын деңгейін таңдаңыз. Батырма атауы соған сәйкес өзгереді.
Көрсетілген деңгей сізге сәйкес келсе, ойынды бастау үшін Ойынды бастау батырмасын басып, ойнауды бастауға болады.