Контрастты баптау
Терезелер мен батырмаларды көруге ыңғайлы болу үшін олардың контрастын баптай аласыз. Бұл бүкіл экранның жарықтығын өзгертумен бірдей емес; тек пайдаланушы интерфейсінің бөліктері өзгереді.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.
Көру бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.
Жоғары контраст ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.
Жоғары контрастты жылдам қосу және сөндіру
Жоғарғы панельдегі арнайы мүмкіндіктер таңбашасын шертіп, Жоғары контрастты таңдау арқылы жоғары контрастты қосуға немесе сөндіруге болады.