Пайдаланушылар тізімін сөндіру

Кіру экранында көрсетілетін пайдаланушылар тізімін org.gnome.login-screen.disable-user-list GSettings кілтін орнату арқылы сөндіруге болады.

Пайдаланушылар тізімі сөндірілген кезде, пайдаланушылар жүйеге кіру үшін шақыруда өздерінің пайдаланушы аты мен паролін теруі керек.

org.gnome.login-screen.disable-user-list кілтін орнату

  1. Келесі жолдарды қамтитын gdm профилін жасаңыз:

    /etc/dconf/profile/gdm

    user-db:user
    system-db:gdm
    file-db:/usr/share/gdm/greeter-dconf-defaults

    gdm — бұл dconf дерекқорының аты.

  2. /etc/dconf/db/gdm.d/00-login-screen ішінде жүйелік ауқымдағы баптаулар үшін gdm кілттік файлын жасаңыз:

    [org/gnome/login-screen]
    # Пайдаланушылар тізімін көрсетпеу
    disable-user-list=true
  3. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update