Orca іздеу командалары

Orca бағдарламасының Іздеу мүмкіндігі ағымдағы терезеде орналасқан элементтерді Жалпақ шолу контекстінен іздеуге мүмкіндік береді.

  • Orca іздеу сұхбат терезесін ашу:

    • Жұмыс үстелі: KP Delete

    • Ноутбук: Orca модификаторы+Left Bracket

  • Жалпақ шолуды жолдың келесі данасына жылжыту:

    • Жұмыс үстелі: Orca модификаторы+KP Delete

    • Ноутбук: Orca модификаторы+Right Bracket

  • Жалпақ шолуды жолдың алдыңғы данасына жылжыту:

    • Жұмыс үстелі: Orca модификаторы+Shift+KP Delete

    • Ноутбук: Orca модификаторы+Ctrl+Right Bracket