Таңдаулы қолданбаларыңызды Dash панеліне бекітіңіз

Қол жеткізу оңай болуы үшін қолданбаны Dash панеліне қосу үшін:

  1. Экранның жоғарғы сол жақ бұрышындағы Іс-әрекеттер түймесін шерту арқылы Іс-әрекеттер шолуын ашыңыз

  2. Dash панеліндегі тор батырмасын шертіп, қосқыңыз келетін қолданбаны табыңыз.

  3. Қолданба таңбашасын оң жақпен шертіп, Таңдаулыларға қосу таңдаңыз.

    Сонымен қатар, таңбашаны Dash панеліне шертіп-апаруға болады.

Қолданба таңбашасын Dash панелінен өшіру үшін қолданба таңбашасын оң жақпен шертіп, Таңдаулылардан өшіру таңдаңыз.