Сымсыз желі ақауларын жою құралы

Бұл сымсыз желі мәселелерін анықтауға және түзетуге көмектесетін қадамдық нұсқаулық. Егер қандай да бір себептермен сымсыз желіге қосыла алмасаңыз, осындағы нұсқауларды орындап көріңіз.

Компьютеріңізді интернетке қосу үшін келесі қадамдарды орындаймыз:

  • Бастапқы тексеруді орындау

  • Жабдығыңыз туралы ақпарат жинау

  • Жабдықты тексеру

  • Сымсыз роутерге қосылым орнату әрекеті

  • Модем мен роутерді тексеру

Бастау үшін беттің жоғарғы оң жағындағы Келесі сілтемесін шертіңіз. Бұл сілтеме және келесі беттердегі осыған ұқсас басқалары сізді нұсқаулықтың әрбір қадамы бойынша бағыттайды.

Командалық жолды пайдалану

Осы нұсқаулықтағы кейбір нұсқаулар командаларды командалық жолға (Терминал) теруді сұрайды. Терминал қолданбасын Іс-әрекеттер шолуынан таба аласыз.

Егер командалық жолды пайдалануды білмесеңіз, алаңдамаңыз — бұл нұсқаулық сізге әр қадамда бағыт береді. Есте сақтайтын нәрсе — командалар регистрге сезімтал (сондықтан оларды осында көрсетілгендей тура теруіңіз керек) және әрбір команданы теріп болған соң, оны орындау үшін Enter пернесін басу керек.