WEP және WPA нені білдіреді?

WEP және WPA (WPA2-мен бірге) — сымсыз қосылымыңызды қорғау үшін пайдаланылатын әртүрлі шифрлау саймандарының атаулары. Шифрлау желілік қосылымды ешкім «тыңдай» алмауы және, мысалы, сіздің қандай веб-беттерді көріп жатқаныңызды білмеуі үшін шатастырады. WEP «Wired Equivalent Privacy» дегенді, ал WPA «Wireless Protected Access» дегенді білдіреді. WPA2 — WPA стандартының екінші нұсқасы.

Қандай да бір шифрлауды пайдалану оны мүлдем пайдаланбағаннан жақсырақ, бірақ WEP — осы стандарттардың ішіндегі ең аз қауіпсізі, сондықтан мүмкіндігінше оны пайдаланбаған жөн. Үшеуінің ішінде WPA2 ең қауіпсізі болып табылады. Егер сымсыз картаңыз бен роутеріңіз WPA2 стандартын қолдаса, сымсыз желіні баптау кезінде соны пайдалануыңыз керек.