Компьютерім қате желіге қосылады

Компьютерді қосқанда, ол бұрын қосылған сымсыз желілерге автоматты түрде қосылуға әрекет жасайды. Егер ол сіз қосылғыңыз келмейтін желіге қосылуға әрекеттенсе, төмендегі қадамдарды орындаңыз.

Сымсыз қосылымды ұмыту үшін:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Wi-Fi деп тере бастаңыз.

  2. Компьютердің әрі қарай қосылғанын қаламайтын желіні табыңыз.

  3. Желінің жанында орналасқан баптаулар батырмасын шертіңіз.

  4. Қосылымды ұмыту батырмасын шертіңіз. Компьютеріңіз бұдан былай ол желіге қосылуға әрекеттенбейді.

Егер кейінірек компьютеріңіз ұмытқан желіге қайта қосылғыңыз келсе, Сымсыз желіге қосылу ішіндегі қадамдарды орындаңыз.