Басқа пайдаланушылар желілік қосылымдарды түзете алмайды

Егер сіз желілік қосылымды түзете алсаңыз, бірақ компьютеріңіздегі басқа пайдаланушылар түзете алмаса, сіз қосылымды барлық пайдаланушыларға қолжетімді етіп орнатқан боларсыз. Бұл компьютердегі әрбір адам сол қосылым арқылы қосыла алатындай етеді.

  1. Activities шолуын ашып, Network деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Network үстіне шертіңіз.

  3. Сол жақтағы тізімнен Wi-Fi таңдаңыз.

  4. Қосылым мәліметтерін ашу үшін баптаулар батырмасын шертіңіз.

  5. Сол жақтағы панельден Identity таңдаңыз.

  6. Identity панелінің төменгі жағында басқа пайдаланушыларға желілік қосылымды пайдалануға рұқсат беру үшін Make available to other users опциясын белгілеңіз.

  7. Өзгерістерді сақтау үшін Іске асыру батырмасын басыңыз.