Басқа пайдаланушылар интернетке қосыла алмайды

Желілік қосылымды орнатқан кезде, әдетте компьютеріңіздегі барлық басқа пайдаланушылар оны пайдалана алады. Егер қосылым туралы ақпарат ортақ пайдаланылмаса, қосылым баптауларын тексеру керек.

  1. Activities шолуын ашып, Network деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Network үстіне шертіңіз.

  3. Сол жақтағы тізімнен Wi-Fi таңдаңыз.

  4. Қосылым мәліметтерін ашу үшін баптаулар батырмасын шертіңіз.

  5. Сол жақтағы панельден Identity таңдаңыз.

  6. Identity панелінің төменгі жағында басқа пайдаланушыларға желілік қосылымды пайдалануға рұқсат беру үшін Make available to other users опциясын белгілеңіз.

  7. Өзгерістерді сақтау үшін Іске асыру батырмасын басыңыз.

Енді компьютердің басқа пайдаланушылары ешқандай қосымша мәліметтерді енгізбей-ақ осы қосылымды пайдалана алады.

Кез келген пайдаланушы бұл баптауды өзгерте алады.