Файл қасиеттері
Файл немесе бума туралы ақпаратты қарау үшін оны оң жақ батырмамен шертіп, Қасиеттері опциясын таңдаңыз. Сондай-ақ, файлды таңдап, Alt+Enter пернелерін басуға болады.
Файл қасиеттері терезесінде файл түрі, файл өлшемі және оның соңғы рет қашан өзгертілгені сияқты ақпарат көрсетіледі. Егер сізге бұл ақпарат жиі қажет болса, оны тізім көрінісінің бағандарында немесе таңбаша тақырыптамаларында көрсетуге болады.
Суреттер мен видеолар сияқты файлдардың кейбір түрлері үшін өлшемдері, ұзақтығы және кодек сияқты ақпаратты беретін қосымша Қасиеттері жазбасы болады.
Рұқсаттар жазбасы үшін Файл рұқсаттарын орнату бөлімін қараңыз.
Негізгі қасиеттері
- Аты
-
Файлдың немесе буманың аты.
Файлдың атын өзгерту үшін Файлдың немесе буманың атын өзгерту бөлімін қараңыз.
- Түрі
-
Бұл PDF құжаты, OpenDocument мәтіні немесе JPEG суреті сияқты файл түрін анықтауға көмектеседі. Файл түрі басқа нәрселермен қатар оны қай қолданбалар аша алатынын анықтайды. Мысалы, суретті музыка ойнатқышымен аша алмайсыз. Бұл туралы қосымша ақпаратты Файлдарды басқа қолданбалармен ашу бөлімін қараңыз.
Файл түрін ашу үшін әдепкі қолданбаны өзгерту үшін Әдепкі қолданбаны өзгерту бөлімін қараңыз.
- Құрамы
Егер сіз файлдың орнына буманың қасиеттерін қарап жатсаңыз, бұл өріс көрсетіледі. Ол бумадағы элементтер санын көруге көмектедесі. Егер буманың ішінде басқа бумалар болса, әрбір ішкі бума, тіпті оның ішінде басқа элементтер болса да, бір элемент ретінде есептеледі. Әрбір файл да бір элемент ретінде есептеледі. Егер бума бос болса, құрамында ештеңе деп көрсетіледі.
- Өлшемі
-
Егер сіз файлды (бума емес) қарап жатсаңыз, бұл өріс көрсетіледі. Файл өлшемі оның дискіден қанша орын алатынын білдіреді. Бұл сондай-ақ файлды жүктеп алуға немесе оны электрондық поштамен жіберуге қанша уақыт кететінінің көрсеткіші (үлкен файлдарды жіберу/алу ұзағырақ уақыт алады).
Өлшемдер байт, КБ, МБ немесе ГБ түрінде берілуі мүмкін; соңғы үшеуі болған жағдайда, жақша ішінде байтпен өлшемі де беріледі. Техникалық тұрғыдан 1 КБ — 1024 байт, 1 МБ — 1024 КБ және т.б.
- Бос орын
Бұл тек бумалар үшін көрсетіледі. Ол бума орналасқан дискідегі бос орын көлемін көрсетеді. Бұл қатты дискінің толып қалғанын тексеру үшін пайдалы.
- Негізгі бума
Компьютеріңіздегі әрбір файлдың орны оның абсолюттік жолы арқылы беріледі. Бұл файлды табу үшін кіру керек бумалар тізімінен тұратын компьютердегі файлдың бірегей «адресі». Мысалы, Джимнің негізгі бумасында Resume.pdf деп аталатын файлы болса, оның негізгі бумасы /home/jim, ал орналасқан жері /home/jim/Resume.pdf болады.
- Қол жеткізілді
Файл соңғы рет ашылған күн мен уақыт.
- Өзгертілді
Файл соңғы рет өзгертілген және сақталған күн мен уақыт.
- Жасалды
Файл жасалған күн мен уақыт.