Файлдың немесе буманың атын өзгерту

Басқа файл менеджерлері сияқты, файлдың немесе буманың атын өзгерту үшін Файлдар қолданбасын пайдалануға болады.

Файлдың немесе буманың атын өзгерту үшін:

  1. Нысанды оң жақпен шертіп, Атын өзгерту таңдаңыз немесе файлды таңдап, F2 пернесін басыңыз.

  2. Жаңа атын теріп, Enter пернесін басыңыз немесе Атын өзгерту батырмасын шертіңіз.

Файлдың атын өзгерткен кезде файл кеңейтуі емес (соңғы . таңбасынан кейінгі бөлік), тек файл атының бірінші бөлігі таңдалады. Кеңейту әдетте файлдың түрін білдіреді (мысалы, file.pdf — бұл PDF құжаты) және сіз әдетте оны өзгерткіңіз келмейді. Егер сізге кеңейтуді де өзгерту керек болса, файлдың толық атын таңдап, оны өзгертіңіз.

Егер сіз қате файлдың атын өзгертсеңіз немесе файлға дұрыс емес ат берсеңіз, атын өзгерту әрекетінен бас тарта аласыз. Әрекетті болдырмау үшін, бұрынғы атын қалпына келтіру үшін бірден бүйірлік панельдегі мәзір батырмасын басып, Атын өзгертуді болдырмау таңдаңыз немесе Ctrl+Z басыңыз.

Файл аттары үшін жарамды таңбалар

Файл аттарында / (қиғаш сызық) таңбасынан басқа кез келген таңбаны пайдалануға болады. Дегенмен, кейбір құрылғылар файл аттарына көбірек шектеулер қоятын файлдық жүйені пайдаланады. Сондықтан файл аттарында келесі таңбаларды пайдаланбаған жөн: |, \, ?, *, <, ", :, >, /.

Егер файл атын бірінші таңбасы . болатындай етіп қойсаңыз, файлдар менеджерінде қарау кезінде файл жасырын болады.

Жиі кездесетін мәселелер

Файл аты бұрыннан пайдаланылуда

Бір бумада аттары бірдей екі файл немесе бума болуы мүмкін емес. Егер файлдың атын ағымдағы бумада бар атқа өзгертпекші болсаңыз, файлдар менеджері бұған жол бермейді.

Файл мен бума аттары регистрге сезімтал, сондықтан File.txt файл аты FILE.txt атымен бірдей емес. Осылайша әртүрлі файл аттарын пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ бұл ұсынылмайды.

Файл аты тым ұзын

Кейбір файлдық жүйелерде файл аттары 255 таңбадан аспауы керек. Бұл 255 таңбалық шектеуге файл аты да, файлға баратын жол да (мысалы, /home/wanda/Documents/work/business-proposals/…) кіреді, сондықтан мүмкіндігінше ұзын файл және бума аттарынан аулақ болу керек.

Атын өзгерту опциясы сұр түсті

Егер Атын өзгерту опциясы сұр түсті болса, файлдың атын өзгертуге құқығыңыз жоқ. Мұндай файлдардың атын өзгерткенде сақ болу керек, өйткені кейбір қорғалған файлдардың атын өзгерту жүйенің тұрақсыздығына әкеп соғуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Файл рұқсаттарын орнату қараңыз.