Файлдар тізімі бағандарының қалаулары

Файлдар тізім көрінісінде көрсетуге болатын бірнеше ақпарат бағандары бар.

Саймандық панельдегі көрініс опциялары батырмасын шертіңіз, Көрінетін бағандар… таңдаңыз және көрінетін болсын деген бағандарды таңдаңыз. Содан кейін сол бағандар бойынша сұрыптауға болады.

Аты

Бумалар мен файлдардың аты.

Аты бағанын жасыру мүмкін емес.

Өлшемі

Буманың өлшемі бумадағы элементтер саны ретінде беріледі. Файлдың өлшемі байт, КБ немесе МБ ретінде беріледі.

Түрі

Бума немесе PDF құжаты, JPEG суреті, MP3 аудио және т.б. сияқты файл түрі ретінде көрсетіледі.

Иесі

Бума немесе файл иесі болып табылатын пайдаланушының аты.

Топ

Файл иесі болып табылатын топ. Әдетте әрбір пайдаланушы өз тобында болады, бірақ бір топта көптеген пайдаланушылар болуы мүмкін. Мысалы, бөлімнің жұмыс ортасында өз тобы болуы мүмкін.

Рұқсаттар

Файлға қол жеткізу рұқсаттарын көрсетеді. Мысалы, drwxrw-r--

  • Бірінші таңба — файл түрі. - кәдімгі файлды, ал d директорияны (буманы) білдіреді. Сирек жағдайларда басқа таңбалар да көрсетілуі мүмкін.

  • Келесі үш rwx таңбасы файл иесі болып табылатын пайдаланушы үшін рұқсаттарды анықтайды.

  • Келесі үш rw- файл иесі болып табылатын топтың барлық мүшелері үшін рұқсаттарды анықтайды.

  • Бағандағы соңғы үш r-- таңбасы жүйедегі барлық басқа пайдаланушылар үшін рұқсаттарды анықтайды.

Әрбір рұқсаттың келесі мағыналары бар:

  • r: оқуға болады, яғни файлды немесе буманы аша аласыз

  • w: жазуға болады, яғни оған өзгерістерді сақтай аласыз

  • x: орындалатын, яғни бұл бағдарлама немесе скрипт файлы болса, оны іске қоса аласыз, немесе бұл бума болса, ішкі бумалар мен файлдарға қол жеткізе аласыз

  • -: рұқсат орнатылмаған

Орналасуы

Файлдың орналасу жолы.

Өзгертілді

Файл соңғы рет өзгертілген күнді береді.

Өзгертілген — Уақыт

Файл соңғы рет өзгертілген күн мен уақытты береді.

Қол жеткізілді

Файлға соңғы рет қол жеткізілген күн немесе уақытты береді.

Жуырдағылар

Пайдаланушы файлға соңғы рет қол жеткізген күн немесе уақытты береді.

Егжей-тегжейлі түрі

Элементтің MIME түрін көрсетеді.

Жасалды

Файл жасалған күн мен уақытты береді.