Неліктен менің экранымдағы кескіндер бұлыңғыр/пиксельденген болып көрінеді?

Конфигурацияланған дисплей ажыратымдылығы экраныңыз үшін дұрыс болмауы мүмкін. Мұны шешу үшін:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Дисплейлер деп жаза бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Дисплейлер пәрменін шертіңіз.

  3. Ажыратымдылық опцияларының кейбірін қолданып көріңіз және экранды жақсырақ көрсететінін таңдаңыз.

Бірнеше дисплей қосылған кезде

Егер компьютерге екі дисплей қосылған болса (мысалы, қалыпты монитор мен проектор), дисплейлердің әртүрлі оңтайлы немесе төл ажыратымдылықтары болуы мүмкін.

Айналы режимін пайдаланып, екі экранда бірдей нәрсені көрсетуге болады. Екі экран да бірдей ажыратымдылықты пайдаланады, ол ешбір экранның төл ажыратымдылығына сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан кескіннің анықтығы екі экранда да нашарлауы мүмкін.

Дисплейлерді біріктіру режимін пайдаланып, әр экранның ажыратымдылығын дербес орнатуға болады, сондықтан олардың екеуін де өздерінің төл ажыратымдылығына орнатуға болады.