Компьютеріңізге басқа мониторды қосу
Қосымша мониторды баптау
Қосымша мониторды баптау үшін мониторды компьютеріңізге қосыңыз. Егер жүйеңіз оны бірден танымаса немесе баптауларды реттегіңіз келсе:
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Дисплейлер деп жаза бастаңыз.
Панельді ашу үшін Дисплейлер пәрменін шертіңіз.
-
Дисплейлердің орналасу диаграммасында дисплейлеріңізді қалаған салыстырмалы позицияларына сүйреңіз.
Дисплейлер панелі белсенді болған кезде диаграммадағы сандар әр дисплейдің жоғарғы сол жақ бұрышында көрсетіледі.
-
Негізгі дисплейді таңдау үшін Негізгі дисплей пәрменін шертіңіз.
Негізгі дисплей — жоғарғы панелі бар және Іс-әрекеттер шолуы көрсетілетін дисплей.
Тізімдегі әрбір мониторды шертіп, бағдарды, ажыратымдылықты немесе масштабты және жаңарту жиілігін таңдаңыз.
Іске асыру батырмасын шертіңіз. Жаңа баптаулар кері қайтарылғанға дейін 20 секунд бойы қолданылады. Осылайша, жаңа баптаулармен ештеңе көрінбесе, ескі баптауларыңыз автоматты түрде қалпына келтіріледі. Егер жаңа баптаулар сізге ұнаса, Өзгерістерді сақтау батырмасын шертіңіз.
Дисплей режимдері
Екі экран болса, мына дисплей режимдері қолжетімді:
Дисплейлерді біріктіру: экран жиектері біріктіріледі, осылайша нысандар бір дисплейден екіншісіне өте алады.
Айна: екі дисплейде де бірдей ажыратымдылық пен бағдардағы бірдей мазмұн көрсетіледі.
Тек бір дисплей қажет болғанда, мысалы, қақпағы жабық док-станциядағы ноутбукке қосылған сыртқы монитор болса, екінші мониторды өшіруге болады. Тізімде өшіргіңіз келетін мониторды шертіп, қосқышты өшірулі күйіне ауыстырыңыз.
Бірден көп монитор қосу
Екіден көп экран болса, Дисплейлерді біріктіру — жалғыз қолжетімді режим.
Баптағыңыз келетін дисплей батырмасын басыңыз.
Экрандарды қажетті салыстырмалы позицияларға сүйреңіз.