Файлды жасыру
Файлдар файл менеджері файлдарды өз қалауыңыз бойынша жасыруға және көрсетуге мүмкіндік береді. Файл жасырылған кезде ол файл менеджерінде көрсетілмейді, бірақ ол әлі де өз бумасында болады.
Файлды жасыру үшін оның атының басына . белгісін қойып, атын өзгертіңіз. Мысалы, example.txt деп аталатын файлды жасыру үшін оның атын .example.txt деп өзгерту керек.
Бумаларды файлдарды жасырғандай жолмен жасыруға болады. Буманы оның атының басына . белгісін қою арқылы жасырыңыз.
Файлды көрсету
Жасырын файлды көрсету үшін сол файл орналасқан бумаға өтіңіз. Терезенің бүйірлік панеліндегі мәзір батырмасын басып, Жасырын файлдарды көрсету таңдаңыз немесе Ctrl+H басыңыз. Содан кейін жасырын файлды тауып, оның атының алдында . белгісі болмайтындай етіп атын өзгертіңіз. Мысалы, .example.txt деп аталатын файлды көрсету үшін оның атын example.txt деп өзгерту керек.
Файл атын өзгерткеннен кейін, басқа жасырын файлдарды қайтадан жасыру үшін терезенің бүйірлік панеліндегі мәзір батырмасын басып, Жасырын файлдарды көрсету опциясын сөндіруге немесе Ctrl+H басуға болады.
Әдепкі бойынша, файл менеджерін жапқанша ғана жасырын файлдарды көресіз. Файл менеджері әрқашан жасырын файлдарды көрсететіндей бұл параметрді өзгерту үшін Файлдар қолданбасындағы көрініс қалаулары қараңыз.
Көптеген жасырын файлдардың атының басында . болады, бірақ кейбіреулерінің атының соңында ~ болуы мүмкін. Бұл файлдар — сақтық көшірме файлдары. Қосымша ақпарат алу үшін Атының соңында ~ белгісі бар файл деген не? қараңыз.