Жабысқақ пернелерді іске қосу
Жабысқақ пернелер пернетақта жарлықтарын барлық пернелерді бір уақытта басып тұрмай, әр пернені кезекпен теруге мүмкіндік береді. Мысалы, Super+Tab жарлығы терезелер арасында ауысады. Жабысқақ пернелерді қоспай, екі пернені де бір уақытта басып тұру керек болар еді; ал жабысқақ пернелер қосулы болса, дәл соны істеу үшін Super, содан кейін Tab пернесін басасыз.
Бірнеше пернені бір уақытта басып тұру қиын болса, жабысқақ пернелерді іске қосқыңыз келуі мүмкін.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.
Теру бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.
Теру көмекшісі бөлімінде Жабысқақ пернелер ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.
Жабысқақ пернелерді жылдам іске қосу немесе сөндіру
Жабысқақ пернелерді пернетақтадан іске қосу немесе сөндіру үшін Пернетақта арқылы іске қосу ауыстырып-қосқышын қосыңыз. Осы опция таңдалғанда, жабысқақ пернелерді іске қосу немесе сөндіру үшін Shift пернесін қатарынан бес рет басуға болады.
Сондай-ақ жабысқақ пернелерді жоғарғы панельдегі арнайы мүмкіндіктер таңбашасын шерту және Жабысқақ пернелерді таңдау арқылы іске қосуға немесе сөндіруге болады. Арнайы мүмкіндіктер таңбашасы Арнайы мүмкіндіктер панелінен бір немесе бірнеше параметр іске қосылғанда көрінеді.
Егер екі пернені бірден бассаңыз, пернетақта жарлығын әдеттегідей енгізуге мүмкіндік беру үшін жабысқақ пернелерді уақытша автоматты түрде сөндіруге болады.
Мысалы, жабысқақ пернелер қосулы болса, бірақ сіз Super және Tab пернелерін бір уақытта бассаңыз, осы опция қосулы болса, жабысқақ пернелер басқа пернені басуыңызды күтпейді. Дегенмен, тек бір пернені бассаңыз, ол күтетін болады. Бұл кейбір пернетақта жарлықтарын бір уақытта баса алатын болсаңыз (мысалы, бір-біріне жақын пернелер), бірақ басқаларын баса алмасаңыз пайдалы.
Мұны іске қосу үшін Екі перне бірге басылса, сөндіру таңдаңыз.
Жабысқақ пернелер қосулы кезде пернетақта жарлығын тере бастағанда компьютердің «бип» дыбысын шығаруын баптауға болады. Бұл жабысқақ пернелердің пернетақта жарлығының терілуін күтіп тұрғанын білу үшін пайдалы, осылайша келесі пернені басу жарлықтың бөлігі ретінде түсіндіріледі. Мұны іске қосу үшін Түрлендіргіш перне басылғанда дыбыстық сигнал беру таңдаңыз.