Арнайы мүмкіндіктер мәзірін табу

Арнайы мүмкіндіктер мәзірі арқылы кейбір арнайы мүмкіндіктер баптауларын іске қосуға болады. Бұл мәзірді жоғарғы панельдегі адам бейнесіне ұқсайтын таңбашаны шерту арқылы табуға болады.

Арнайы мүмкіндіктер мәзірін жоғарғы панельден табуға болады.

Егер арнайы мүмкіндіктер мәзірі көрінбесе, оны Арнайы мүмкіндіктер баптаулар панелінен іске қоса аласыз:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.

  3. Арнайы мүмкіндіктер мәзірі ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.

Бұл мәзірге тышқанның орнына пернетақта арқылы қол жеткізу үшін Ctrl+Alt+Tab пернелерін басып, пернетақта фокусын жоғарғы панельге жылжытыңыз. Жоғарғы сол жақ бұрыштағы Іс-әрекеттер батырмасы ерекшеленеді — бұл жоғарғы панельдегі қай элемент таңдалғанын көрсетеді. Таңдалған элементті арнайы мүмкіндіктер мәзірінің таңбашасына жылжыту үшін пернетақтадағы бағдарша пернелерін пайдаланыңыз, содан кейін оны ашу үшін Enter пернесін басыңыз. Мәзірдегі элементтерді таңдау үшін жоғары және төмен бағдарша пернелерін пайдалануға болады. Таңдалған элементті қосу немесе сөндіру үшін Enter басыңыз.