Экран аймағын үлкейту
Экранды үлкейту тек мәтін өлшемін үлкейтуден өзгеше. Бұл мүмкіндік экран бөліктерін жақындату арқылы шарлауға мүмкіндік беретін үлкейткіш шыны сияқты.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.
Масштаб бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.
Жұмыс үстелінің масштабы ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.
Енді экран аймағында жылжи аласыз. Тышқанды экранның шеттеріне апару арқылы үлкейтілген аймақты әртүрлі бағыттарға жылжытып, қажетті аймақты көре аласыз.
Жоғарғы панельдегі арнайы мүмкіндіктер таңбашасын шертіп, Масштабты таңдау арқылы масштабтауды жылдам қосуға және сөндіруге болады.
Масштабтау коэффициентін, тышқанды бақылауды және үлкейтілген көріністің экрандағы орнын өзгертуге болады. Оларды Үлкейткіш бөлімінде баптаңыз.
Тышқан немесе тачпад курсорын табуға көмектесетін қиылысу сызықтарын іске қосуға болады. Оларды қосып, ұзындығын, түсін және қалыңдығын Қиылысу сызықтары бөлімінде баптаңыз.
Түстері теріс бейнеге ауысуға және Түс сүзгілері бөлімінде үлкейткіш үшін жарықтықты, контрастты және түс опцияларын баптауға болады. Бұл опциялардың жиынтығы көруі нашар, кез келген дәрежедегі фотофобиясы бар адамдар үшін немесе жай ғана қолайсыз жарық жағдайында компьютерді пайдалану үшін пайдалы.