Экрандағы мәтін өлшемін өзгерту

Экрандағы мәтінді оқу қиын болса, қаріп өлшемін өзгерте аласыз.

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.

  3. Көру бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.

  4. Үлкен мәтін ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.

Сонымен қатар, жоғарғы панельдегі арнайы мүмкіндіктер таңбашасын шертіп, Үлкен мәтін опциясын таңдау арқылы мәтін өлшемін жылдам өзгертуге болады.

Көптеген қолданбаларда Ctrl++ пернелерін басу арқылы кез келген уақытта мәтін өлшемін үлкейте аласыз. Мәтін өлшемін кішірейту үшін Ctrl+- пернелерін басыңыз.

Үлкен мәтін мәтінді 1.2 есе үлкейтеді. Мәтін өлшемін үлкенірек немесе кішірек ету үшін Tweaks бағдарламасын пайдалануға болады.