Пайдаланушы тіркелгісін өшіру
Компьютеріңізге бірнеше пайдаланушы тіркелгісін қосуға болады. Егер біреу компьютеріңізді енді пайдаланбайтын болса, сол пайдаланушының тіркелгісін өшіре аласыз.
Пайдаланушы тіркелгілерін өшіру үшін сізге әкімшілік артықшылықтар қажет.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Құлпын ашу батырмасын басып, сұралған кезде пароліңізді енгізіңіз.
Басқа пайдаланушылар астынан өшіргіңіз келетін пайдаланушы тіркелгісін шертіңіз.
Сол пайдаланушы тіркелгісін өшіру үшін Пайдаланушыны өшіру... батырмасын басыңыз.
Әрбір пайдаланушының өз файлдары мен баптауларына арналған жеке үй бумасы болады. Пайдаланушының үй бумасын сақтауды немесе өшіруді таңдауға болады. Егер олар енді пайдаланылмайтынына сенімді болсаңыз және диск орнын босату қажет болса, Файлдарды өшіру батырмасын шертіңіз. Бұл файлдар біржола өшіріледі. Оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Өшірмес бұрын файлдардың резервтік көшірмесін сыртқы сақтау құрылғысына жасағыңыз келуі мүмкін.