Жоғалған терезені табу

Басқа жұмыс орнындағы немесе басқа терезенің артында жасырылған терезені Әрекеттер көрінісі арқылы оңай табуға болады:

  • Әрекеттер көрінісін ашыңыз. Егер жетіспейтін терезе ағымдағы жұмыс орнында болса, ол осында кіші көрініс ретінде көрсетіледі. Терезені қайта көрсету үшін кіші көріністі шертіңіз немесе

  • Терезені табу үшін жұмыс орнын таңдаушыда әртүрлі жұмыс орындарын шертіңіз немесе

  • Dash панеліндегі қолданбаны оң жақпен шертіңіз, сонда оның ашық терезелері тізімделеді. Оған ауысу үшін тізімдегі терезені шертіңіз.

Терезелерді ауыстырып-қосқышты пайдалану:

  • Терезелерді ауыстырып-қосқышты көрсету үшін Super+Tab пернелерін басыңыз. Super пернесін басып тұрып, ашық терезелер арасында ауысу үшін Tab пернесін, ал кері бағытта ауысу үшін Shift+Tab пернелерін басыңыз.

  • Егер қолданбаның бірнеше ашық терезесі болса, Super пернесін басып тұрып, олардың арасында ауысу үшін ` (немесе Tab үстіндегі перне) басыңыз.