Жұмыс орны деген не және ол маған қалай көмектеседі?

Жұмыс орындары жұмыс үстеліндегі терезелерді топтастыруды білдіреді. Сіз виртуалды жұмыс үстелдері сияқты жұмыс істейтін бірнеше жұмыс орнын жасай аласыз. Жұмыс орындары артық нәрселерді азайтуға және жұмыс үстелінде шарлауды жеңілдетуге арналған.

Жұмыс орындарын жұмысыңызды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Мысалы, электрондық пошта және чат бағдарламасы сияқты барлық байланыс терезелерін бір жұмыс орнында, ал атқарып жатқан жұмысыңызды басқа жұмыс орнында ұстауға болады. Музыка менеджері үшінші жұмыс орнында болуы мүмкін.

Жұмыс орындарын пайдалану:

  • Іс-әрекеттер шолуында жұмыс орындары арасында горизонталды түрде шарлауға болады.

  • Егер бірнеше жұмыс орны пайдаланылып жатса, жұмыс орындарын таңдаушы іздеу өрісі мен терезелер тізімі арасында көрсетіледі. Онда қазіргі пайдаланылып жатқан жұмыс орындары және бос жұмыс орны көрсетіледі.

  • Жұмыс орнын қосу үшін терезені бар жұмыс орнынан жұмыс орындарын таңдаушыдағы бос жұмыс орнына сүйреп апарыңыз. Енді бұл жұмыс орнында сіз тастаған терезе болады, ал оның жанында жаңа бос жұмыс орны пайда болады.

  • Жұмыс орнын өшіру үшін оның барлық терезелерін жабыңыз немесе оларды басқа жұмыс орындарына жылжытыңыз.

Әрқашан кемінде бір жұмыс орны болады.

Жұмыс орындарын таңдаушы