Пайдаланылатын тілді өзгерту

Компьютеріңізде тиісті тіл дестелері орнатылған болса, жұмыс үстелін және қолданбаларды ондаған тілдің кез келгенінде пайдалана аласыз.

  1. Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.

  3. Панельді ашу үшін Аймақ және тіл тармағын таңдаңыз.

  4. Тіркелгіңіз бөлімінде Тіл батырмасын шертіңіз.

  5. Қалаған аймақ пен тілді таңдаңыз. Егер аймағыңыз бен тіліңіз тізімде болмаса, барлық қолжетімді аймақтар мен тілдердің ішінен таңдау үшін тізімнің төменгі жағындағы … белгісін шертіңіз.

  6. Сақтау үшін Таңдау батырмасын шертіңіз.

  7. Өзгерістер күшіне енуі үшін сессияны қайта іске қосу керек. Қайта іске қосу… батырмасын шертіңіз немесе кейінірек жүйеге қолмен қайта кіріңіз.

Кейбір аудармалар толық болмауы мүмкін, ал кейбір қолданбалар сіздің тіліңізді мүлдем қолдамауы мүмкін. Аударылмаған кез келген мәтін бағдарламалық қамтама алғаш жасалған тілде (әдетте американдық ағылшын тілі) көрсетіледі.

Үй бумаңызда музыка, суреттер және құжаттар сияқты нәрселерді сақтауға арналған арнайы бумалар бар. Бұл бумалар сіздің тіліңізге сәйкес стандартты атауларды пайдаланады. Жүйеге қайта кіргенде, осы бумалардың атын таңдалған тілге сәйкес стандартты атауларға өзгерткіңіз келетіні туралы сұралады. Егер жаңа тілді үнемі пайдалануды жоспарласаңыз, бума атауларын жаңартуыңыз керек.

Егер жүйеңізде бірнеше пайдаланушы тіркелгісі болса, Аймақ және тіл панелінде Кіру экраны үшін жеке бөлім болады.