Күн және өлшем бірліктерінің пішімдерін өзгерту
Күн, уақыт, сандар, валюта және өлшем бірліктері үшін пайдаланылатын пішімдерді аймағыңыздың жергілікті әдет-ғұрыптарына сәйкес реттей аласыз.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Аймақ және тіл тармағын таңдаңыз.
Тіркелгіңіз бөлімінде Пішімдер батырмасын шертіңіз.
Жалпы пішімдер астынан пайдаланғыңыз келетін пішімдерге ең жақын келетін аймақ пен тілді таңдаңыз.
Сақтау үшін Дайын батырмасын шертіңіз.
Өзгерістер күшіне енуі үшін сессияны қайта іске қосу керек. Қайта іске қосу… батырмасын шертіңіз немесе кейінірек жүйеге қолмен қайта кіріңіз.
Аймақты таңдағаннан кейін, тізімнің оң жағындағы аймақта күндердің және басқа мәндердің қалай көрсетілетініне қатысты әртүрлі мысалдар көрсетіледі. Мысалдарда көрсетілмесе де, таңдалған аймақ күнтізбелердегі аптаның басталу күнін де анықтайды.
Егер жүйеңізде бірнеше пайдаланушы тіркелгісі болса, Аймақ және тіл панелінде Кіру экраны үшін жеке бөлім болады.